Бүгін Орал қаласы әкімдігінде көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша қалалық штаб отырысы өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Штаб отырысында БҚО ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Рауан Қайырғалиев пен Орал қаласы әкімінің орынбасары Жандос Дүйсенғалиев қалалық коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелер және қалаға қарасты кент, село әкімдеріне су тасқынының алдын алу бойынша нақты тапсырмалар берді.
Қазіргі таңда қалада аталмыш жұмыстарға 200-ден астам техника және 360 адам жұмылдырылған.
Сонымен қатар, қала тұрғындары су басу қаупі туындаған кезде 24-01-94, 8 771 131 91 61 (WhatsApp) нөмірлері арқылы Төтенше жағдайлар басқармасының қалалық штабына хабарласа алады. Штаб тәулік бойы жұмыс жасайды.
Тұрғындар хабар еткен ақпарат штаб арқылы коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелерге жіберіліп, жұмыс нәтижелері бақылауда болады.
zhaikpress.kz