1.03.2023, 23:36
Оқылды: 36

Бала тәрбиесі назарда

Теректі аудандық «Қазына» коворкинг орталығында «Әке-отбасы тірегі»тақырыбындағы аудандық әкелер кездесуі өтті. Кездесуге аудандағы екі мектептің әкелері қатысты.

IMG-20230301-WA0140

Балаларды тәрбиелеудегі әкелердің рөлін күшейту, жасөспірімдер арасындағы бақылаусыздық пен құқықбұзушылықтың алдын-алу жұмыстарына ер азаматтарды тарту, бала бойында тәртіп, жауапкершілікті қалыптастыруда әкелермен тәжірибе алмасу мақсатында болды.

IMG-20230301-WA0139

Шара «Мен сізбен танысқаныма қуаныштымын» атты тренингімен басталды.  Әркім өзін таныстырып, қасындағы жұбын таныстырды.

IMG-20230301-WA0142

Кездесудің қонақтары  Теректі аудандық қазынашылық басқармасының басшысы, белсенді әке Ұлан Сайтмұхаев, Теректі жаңалығы газетінің директор-редакторы, 5 баланы  тәрбиелеп отырған жас әке Әділет Орынбасаров, көпбалалы әке , жеке кәсіпкер Сағыныш Алдибаев Федоровка жалпы орта білім беретін мектебі директорының  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 3 баланың әкесі Нұрдәулет Жаңабаев болды.

IMG-20230301-WA0146

Олар бала тәрбиесіндегі өз тәжірибелерімен бөлісті. Тыңдармандар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Жиын соңында қатысушыларға аудандық білім беру бөлімі атынан алғысхаттар табысталды.

 

Балнұр Қанаева,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале