3.03.2023, 9:01
Оқылды: 67

SMS таратылымының арқасында 200-ге жуық азамат жұмысқа орналастырылды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінен (бұдан әрі – ЕХӘҚМ) халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету саласындағы қолдау
шаралары туралы ақпараты бар SMS-хабарламаларды алғаннан кейін 5 мыңға жуық қазақстандық Enbek.kz. сайтына кіріп, бірнеше жүз адам сall-орталыққа қоңырау шалды. Бұл туралы аталмыш министрліктің сайтында хабарланды.

енбек

Қазірдің өзінде 173 адам жұмысқа орналастырылды: 50 – тұрақты жұмыс орындарына, 123 – уақытша жұмыс орындарына орналасып, 73-і кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды бастады.

SMS алушылардың бірі Батыс Қазақстан облысының тұрғыны Алтынбек Далабаев болды.

«13 ақпанда мен 1414-тен жұмыспен қамту шаралары туралы хабарлама алдым. Бірден жұмыспен қамту орталығына жұмысқа орналасуға көмек сұрадым. Сол күні «Қаратөбе ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ-де жүргізуші болу үшін жұмысқа тұруға жолдама алдым», - деді Алтынбек Далабаев өзінің табысты жұмысқа орналасуы туралы.

SMS-хабарлама алғаннан кейін белсенділік танытпаған азаматтармен жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері қосымша байланысып, жұмысқа орналастыру, оқыту және т.б. бойынша қажетті қызметтерді алуды ұсынуда.

«Жалпы мемлекеттік қолдаудың барлық шаралары туралы ақпаратты Enbek.kz порталы, халықты жұмыспен қамту орталығы немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады», - деп хабарлады ЕХӘҚМ Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Асқар Ниязов.

Бұған дейін хабарланғандай, ағымдағы жылдың 13 ақпанында ЕХӘҚМ 23-35 жас аралығындағы жұмыссыз жастар арасынан 12 мыңнан астам қазақстандыққа жұмыс іздеу, тегін оқудан өту және жұмыспен қамту саласындағы басқа да мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараты бар SMS-хабарламалар жолдады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале