Болгария астанасы Софияда күрестен дәстүрлі Дан Колов – Никола Петров халықаралық турнирі өтіп жатыр. Бүгін әйелдер күресінен алғашқы күні Ұлттық құрама спортшылары 5 медальге қол жеткізді, бұл туралы kazsports.kz хабарлады.
Айнұр Әшімова (55 кг дейін) финалда қарсыласына жол беріп, күміс жүлдеге атанды. Ал Эмма Тисина, Гүлдана Бекеш (59кг), Альбина Қайыргельдинова (65 кг), Анастасия Панасович (72 кг) өз салмағында үздік үштікті түйіндеді.
Биыл 60-рет өтіп жатқан турнирді мына жерден тікелей эфирде көре аласыздар.