Бүгін Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев аналармен, түрлі салада еңбек ететін іскер әйелдермен жүздесті.
Халықаралық әйелдер күніне орай өткен салтанатты дастарханның құрметті меймандары қатарында біздің аяулы әріптесіміз, "Сырым елі" қоғамдық - саяси газетінің І санатты тілшісі, журналист, ҚР Журналистер Одағының мүшесі Шынар Молданиязова да бар.
Осы секілді, аудандық мәдениет үйінде мерекелік шарада басылымның тағы бір қызметкері, журналист, мобилограф Айжан Амангелдина аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Айжан да - "Сырым елі" газетінің І санатты тілшісі.
Ауданның қоғамдық - саяси өмірін жіті назарда ұстайтын ақпарат саласының ақсауытты жауынгерлері - Шынар Яудақызы мен Айжан Бауыржанқызы марапаттың ең биігі - оқырман көңілі деп санайды.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz