1 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 175 кәсіпорнында 10 мың жұмыскердің алдында 1,7 млрд теңгеден астам жалақы бойынша берешекті анықтады, деп жазады ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 189 нұсқама беріліп, 24,6 млн теңгеден астам қаржыға айыппұл салынды.
Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 7,9 мың жұмыскердің құқықтары қорғалды.
Оларға 1,3 млрд теңге төленді.