Казталов ауданының мақтанышы, аудандық орталық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы, Азия чемпионатының жүлдегері Айдын Елемесов Астана қаласында өтіп жатқан пауэрлифтингтен Қазақстан Республикасының чемпионатында жеңіске жетіп, Қазақстан Республикасы чемпионатының алтыншы мәрте жеңімпазы атанды.
Бұған дейінде талай байрақты бәсекеде ел мерейін асқақтатып жүрген спортшы Айдын Елемесов осы жолы да өзінің мықтылығын, өз ісінің хас шебер екендігін тағы да бір дәлелдеді.
Жансая Жұмажанқызы,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz