Бүгін елімізде таңғы сағат 07:00-ден бастап ҚР Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы бастау алғаны мәлім. Еліміздегі барлық сайлау учаскесі сияқты Бөкей ордасы ауданында да №53 сайлау учаскесі жұмысын салтанатты түрде бастады. Талапқа сәйкес алдымен еліміздің гимні шырқалды. Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Ерболат Сержанов халыққа сайлау ережелерін түсіндіріп, сайлау учаскесінің жұмысымен таныстырды.
Ардагер журналист Каримолла Ғайсин сөз алып, ел үшін маңызды науқанға белсенділікпен қатысып, таңдауын жасау әр адамның азаматтық парызы екенін айтса, ең алғаш рет дауыс беруге келген Бекзат Нұрмарданұлы кәмелетке толып, өз таңдауын жасағалы отырғанын айтты.
Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Ерболат Сержанов Каримолла ағамыз бен Бекзатқа, ең бірінші боп келген дауыс беруші Думан Сәрсенәлиевке естелік сыйлықтарын тарту етті.
Ресми бөлімнен соң аудан әкімі Нұрлыбек Даумов бастаған сайлаушылар өз таңдауын жасады.
Бөкей ордасы ауданы бойынша 22 учаскелік сайлау комиссиясы жұмыс жасап жатқанын, 9076 сайлаушы тіркелген.
Ұлпан Әнуарқызы,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz