Теректі ауданы аумағында таңғы сағат 7.00-де Қазақстан Республикасы әнұранымен салтанатты тұрде барлық сайлау учаскелерінде басталған ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы қарқынды жүріп жатыр.
Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Арсен Бисенғалиевтің сағат 15-30 жағдайына берген мәліметіне сүйенсек, аудандағы сайлаушылардың 70,23 пайызы дауыс берген. Яғни, 17 892 азамат өз құқығын іске асырып, таңдау жасаған.
-Халықтың сайлауға қатысуы белсенді. Қай сайлау учаскесін алсақ та, дауыс берушілер саны жартысынан асып жығылған. Мәселен, №396 сайлау учаскесінде 91,7 пайызы, №379 учаскеде 88 пайыз, №398 учаскеде 89,1 пайыз сайлаушы дауыс берген,- дейді ол.
Камелия Өтеу,
Теректі ауданы