19.03.2023, 16:43
Оқылды: 49

70,23 пайыз сайлаушы дауыс берді

Теректі ауданы аумағында таңғы сағат 7.00-де Қазақстан Республикасы әнұранымен салтанатты тұрде барлық сайлау учаскелерінде басталған ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы қарқынды жүріп жатыр.

IMG-20230319-WA0256

Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Арсен Бисенғалиевтің сағат 15-30 жағдайына берген мәліметіне сүйенсек, аудандағы сайлаушылардың 70,23 пайызы дауыс берген. Яғни, 17 892 азамат өз құқығын іске асырып, таңдау жасаған.

-Халықтың сайлауға қатысуы белсенді. Қай сайлау учаскесін алсақ та, дауыс берушілер саны жартысынан асып жығылған. Мәселен,  №396 сайлау учаскесінде 91,7 пайызы, №379 учаскеде 88 пайыз, №398 учаскеде  89,1 пайыз сайлаушы дауыс берген,- дейді ол.

Камелия Өтеу,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале