19.03.2023, 19:29
Оқылды: 40

21 тұрғынға сайлау жәшігі жеткізілді

Аудан орталығы Жымпитыда денсаулық жағдайына байланысты, науқас күтімімен үйде отырған, ауруханада ем алып жатқан тұрғындарға сайлау жәшігі жеткізілді.
image-19-03-23-07-17-2
№291 сайлау учаскесінің комиссия мүшелері Ақмарал Төребекова, Әділхан Альмурзин, сенімді өкіл Гүлзия Бабашовамен бірге аталмыш учаске тұрғындарының үйлеріне, ауруханаға арнайылап бардық.
image-19-03-23-07-17-1
Одан бөлек, аудандық ауруханада ем-дом алып жатқан 11 сайлаушы және науқас күтімімен отырған, денсаулығына байланысты жандар да өз таңдауларын 10 тұрғын үйден беру құқығына ие болды.
- Ауруханада болсақ та дауыс беру мүмкіндігін туғызған учаске комиссиясына алғысымды айтамын. Ел басына елдің қамын ойлаған азаматтар депутат болса деген тілегіміз бар, - дейді қособалық 74 жастағы Самат Мүтиев.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpresss.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале