Бүгін іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы төгілмес тірліктің мерекесі - әз Наурыз Дауылбаев көшесінде тойланды. Бірлігі бекем, татулығы көркем көше тұрғындарының ұйымдастыруымен өткен бұл мереке барысында киіз үй тігіліп, ұлан асыр той жасалды.
Қазақтың ұлттық ойындары арқан тартыс, ләңгі тебу секілді ойындар ойнатылса, ақ жаулықты аналарымыз қазақ ошаққа ұлттық тағамымыз бауырсақ пісірді. Мерекелік жиын барысында көше тұрғындарының сүйемелдеуімен “Адай” “Балбырауын” күйлері орындалып, әуезді әсем әндер шырқалды. Кеш соңында көше тұрғындары Жаңа жылдың жақсылығын, берекесін тілесіп тарқасты.
"Жаңарған өңір" ақпарат
zhaikpress.kz