22.03.2023, 16:11
Оқылды: 130

Ұйымшыл көше тұрғындары наурыз мерекесін тойлады

Көктемнің иісі шығып, кең даламыз буырқанып, тіршілік атаулының оянатын кезіне қуанбайтын адам баласы жоқ шығар?! Еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін жыл басы — Наурыз мейрамын ерекше күтеді. Соның бір айғағындай, Казталов ауылы Амангелді көшесінің тұрғындары ерекше көңіл-күймен Наурыз мерекесін атап өтті.

IMG-20230322-WA0032 (1)

Әу бастан ынтымағы жарасқан ұйымшыл көше тұрғындары исі қазаққа ортақ мейрамдардан қалыс қалған емес. Бүгінгі Наурыз мейрамы күні де көше ортасында дастарқан жайылып, ән шырқалды, би биленді.

IMG-20230322-WA0031 (2)
Мерекеге жиналған көше тұрғындары Наурыз көжеден дәм татып, қазақтың ұлттық тағамдарынан ауыз тиді.
Айтулы күні көшенің үлкен ақсақалдары ақ баталарын беріп, келген Қоян жылына құт-береке тіледі.

IMG-20230322-WA0014

IMG-20230322-WA0029 (1)

Тұрғындарға ерекше көңіл күй сыйлаған көрініс түйе атасы — Ойсыл қараның арбаға жегілуі болды. Арбаға мінген осы көшенің өнерпаз тұрғындары құйқылжыта ән шырқап, ауыл ішін аралап, мерекенің нақышын келтірді. Көңілді мереке ұлттық ойындармен жалғасын тапты.
Осындай ұйымшыл Амангелді көшесі тұрғындарының игі бастамасы көпке үлгі болмақ.

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале