22.03.2023, 20:31
Оқылды: 81

Сырым ауданында тарауих намазын 15 жасар хафиз өткізеді

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы ресми хабарлағанындай, наурыз айының 23-і күні, яғни ертең Рамазан айы басталады. Бүгін құптан намазынан кейін жамағат айдың алғашқы тарауық намазын оқиды. Таңда ауыз бекітеді.

IMG-20230322-WA0099

Рамазан айында тарауық намазында Құран Кәрімді хатым ету, түсінікті етіп айтқанда қасиетті кітапты толық оқып шығу - сүннет. Сырым ауданы жыл сайын Ораза айының ұлық құлшылығын атқару үшін елге хафиз алдырып жүр.

Биыл Сырым ауданына бір емес, үш хафиз келді. Бас имам Қуанғали Қуанышұлының айтуынша, олар орталық және ескі мешітте тарауих намаздарын өткізетін болады. Демек, биыл Жымпитыдағы екі мешітте де Құран хатым етіледі.

IMG-20230322-WA0097
Хафиздар (сақтаушы) - 604 беттік Құран Кәрімді толық жаттап, көкірегіне сақтаған жандар. Хафиз атану - ұзақ жылғы тағатты, ерен еңбекті талап етеді. Алла тағаланың ерекше дарыны мен махаббатын иеленген олардың артына ұйып намаз оқу, қызмет қылу - сауап.
Жымпитыға келген жас хафиздар - Арафат Юсупов пен Абдурашид Янгуй Жамбыл облысындағы Масаншы медресесін бітірген мамандар. Арафат 26,  Абдурашид болса 20 жаста.
Ал, Алматы қаласынан келген Сәкен Асанның жасы 15 - те. Ол 13 жасында Құранды толық жаттап бітірген.
Бүгін жас хафиздарды Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев арнайы қабылдап, Наурыз мерекесімен құттықтап, Сырым өңірі жасамақ еңбектеріне сәттілік тіледі.

Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале