Қасиет дарыған киелі Жаңақала топырағына еліміздің белгілі өнер жұлдыздары ат басын бұрып, халыққа әннен шашу шашайын деп келе жатқан жайы бар.
Эстрадамыздың жарық жұлдыздарын аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Данял Танзенов және аудандық мәдени демалыс орталығының өнерпаздары, өлкеміздің дарабоз күйшілері Мәмен Ерғалиұлы және Тұяқберді Қажыгерейұлының кесенесінің тұсынан қарсы алды. «Айзере» әжелер ансамблі шашу шашып, «Ақбосаға» келіндер ансамблі ақ ұсынып, бауырсақтан дәм татқызса, мәдени демалыс орталығының дәстүрлі әншісі Бекқали Сағынғалиев халық әні «Ақжайықты» нақышына келтіре орындады. Одан соң дүлдүл күйшілердің әруағына құран аяттарын бағыштады. Ендігі кезекте мәдени демалыс орталығында өнер сүйер қауымды әнмен қарсы алады.
Нұргүл Елтайқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz