27.03.2023, 10:00
Оқылды: 58

Жайықтың Жансаясы – жеңімпаз!

Наурыздың 21-і күні Қызылорда облысы Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек кентінде Ұлыстың ұлы күніне арналған «Қош келдің, әз-Наурыз!» атты республикалық ақындар айтысы өтті.

337363457_911125253261463_774924160400691978_n

Аталған додада VII «Алтын домбыра» айтысының жеңімпазы Жансая Мусина бірінші орынға ие болды. Жалпы, бұл сөз сайысына Қазақстанның түкпір-түкпірінен 10 шақты ақын қатысты. Бас жүлдені Мұхамеджан Мансұров (Қызылорда) жеңіп алды. Екінші орынды Мұхтар Ниязов (Қызылорда) еншілесе, үшінші орынды Айбек Қалиев (Қостанай) пен Нұрлан Есенқұлов (Шымкент) місе тұтты.

Бұған дейін де талай айтыста Ақ Жайық өңірінің абыройын асқақтатқан Жансая Ғалымжанқызын жеңісімен құттықтаймыз! Оның алдағы уақытта да жерлестерін жағымды жаңалықтарымен қуантатынына  сенеміз.

 

Марлен Ғилымхан

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале