Теректі аудандық әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың I ұйымдастырушылық сессиясы өтті. Оған аудан әкімі Тілек Габдушев, ауыл әкімдері, бөлім басшылары қатысты.
Жиынды аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Арсен Бисенғалиев жүргізді. Сонымен қатар аудандық мәслихаттың тұрақты комиссия құрамын бекіту жайында баяндама жасады.
Сайлау қортындысы бойынша жеңіске жеткен аудандық мәслихаттың VIII шақырылымы депутаттарына куәлік табысталды.
Су жаңа мәслихат депутаттарының ұсынуымен аудандық мәслихат хатшысы болып Әлжан Нұрғалиев тағайындалды.
Аудан әкімі Тілек Александрұлы сөз сөйлеп, депутаттарды мандат алуларымен құттықтап, аудан үшін абыройлы қызмет атқаруға тілектес екенін білдірді.
Балнұр Қанаева,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz