4.04.2023, 15:45
Оқылды: 52

БҚО-да 1041 адам өзін банкрот деп тануға өтініш берген

Осы жылдың наурыз айының басынан бастап ҚР Азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы заң күшіне енген болатын.

тенге

Осы заң күшіне енген бір ай уақыт ішінде 1041 адам кірістер департаментіне өздерін банкрот деп тану туралы өтініш берген.

Олардың ішінде 24 адамның өтініші қанағаттандырылып, оларды банкрот деп тану туралы шешім шыққан. Бұл туралы Орал қалалық кірістер басқармасының бас маманы Жанар Әубакірова  мәлімдеді.

Банкрот деп танығаннан кейін ол азаматтардың несиелері толығымен жабылады.
Айта кетейік, банкроттық соттан тыс және сотпен банкрот деп тану деген екі кезең арқылы жүреді. Несиесін 1 жыл бойына төлемеген, қарызы 5 миллионнан аспаған әр азамат өзін банкрот деп тануға өтініш бере алады.

Азаматтарды сотқа дейін банкрот деп тану туралы мәселемен БҚО кірістер департаменті айналысады.

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале