5.04.2023, 12:00
Оқылды: 30

Жасанды кедергілер орнатылып жатыр

Өңірімізде киік санының өсуі мал баққан шаруаларды алаңдатуда. Негізінен ақбөкендер жыл сайын келіп төлдейтін Жәнібек ауданының Борсы, Талов, Жақсыбай ауылдары мен Казталов ауданына қарасты Қараоба ауылының тұрғындарынан арыз-шағым көп.

20230404050825_IMG_8917

Ауыл тұрғындарының назын ескерген Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бастама көтеріп, осы аумаққа жақын орналасқан «Бөкейорда» мемлекеттік резерваты мен «Ащыөзек» қаумалы территориясында киіктерді ұстап қалу үшін 40 шақырымға созылған жасанды үркіткіш кедергілер қоюға тапсырма берді.

Аталмыш жұмыстарды «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының ұжымы жүзеге асырыруда.

20230404054559_IMG_8928

Жұмыстардың басы-қасында жүрген «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты бақылау-тексеру басқармасының басшысы Бисебай Төлеповпен әңгімелестік.
— Ақбөкендердің табиғи миграциясы Жаңақала, Бөкей Орда, Жәнібек, Казталов ауданы аумақтары арқылы өтеді. Сәуір айының аяғы, мамырдың басы киіктердің төлдеу науқаны басталмақ. Төлдеуге жиналып жатқан дала малын резерват аумағында ұстау үшін жасанды үркіткіштер орнатып жатырмыз. Үріткіштер орнатылған сызық 40 шақырымға созылады. Алдағы уақытта осы жерде «Охотзоопром» Батыс өңірлік филиалымен бірлесе «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының инспекторлары кезекшілік жұмыстарын жүргізеді. Осы уақытта жергілікті жердің тұрғындарымен тығыз байланыс орнатып, олардың тарапынан түсіністік танытып, бізбен бірге жұмыстануға шақырамын, - деді басқарма басшысы.

20230404053919_IMG_8920
Иә, расында ақбөкендердің табиғи миграциясы, төлдеуі кезінде жергілікті тұрғындар қолдауы қажет-ақ. Әсіресе, киіктердің төлдеу науқанында буаз малды қумай, құралайлады қорғауда ауыл тұрғындарының көмегі керегін айтты мамандар.

Қайрат Жақып,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале