Жаңақала аудан әкімінің 28 наурыз 2023 жылғы № 46-Ө өкімімен 1наурыз-6 мамыр аралығында аудан бойынша санитарлық-экологиялық айлық жарияланған болатын.
Осыған орай мекеме қызметкерлері аудан орталығындағы саябақтарда сенбілік жұмыстарын жүргізді. Мәдени-демалыс орталық саябағы, Тәуелсіздік, Даңқ, Шырағдан, Қ.Жантілеуов, Бөкей көші, Тастөбе және С.Сапаров атындағы саябақтарды, сондай-ақ мектеп, балабақша ұжымдары өз мекемелерінің ауласын тазартып, аумақтарда ағаш түптерін ақтау, қоқыстан тазарту, шөп жұлу жұмыстары бірлесе атқарылып, ауыл тазалығына едәуір үлес қосылды.
Нұргүл Елтайқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz