11.04.2023, 18:13
Оқылды: 56

Хазіреттің қорына халық риза

Сырым ауданы, Шолақаңқаты ауылдық округінің аумағындағы әулие Жұмағазы Хазіреттің кесенесі – Қазақстанның киелі мекендерінің ресми тізіміне енген тарихи орын.

Кейінгі жылдары зерттеушілер Сырым Датұлы бастаған ұлт – азаттық көтерілістің қолбасшыларынының бірі – Ерсары батырдың да Тамасайда жатқаны анықталды. Есіл елдің құлпытасындағы ескіше жазуды оқып, Ерсары екенін анықтаған – журналист, өлкетанушы Қазыбек Құттымұратұлы.

Әулиенің құрметіне ашылған «Дәдем ата – Жұмағазы хазірет» қоры қанша жылдан бері жоқ – жітікке қарасып, ауылдасқа жәрдем жасап, игілікті істің бел ортасында жүр. Рамазан айы – қайырымдылық айы. Әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасыларға қол ұшын созуды дәстүрге айналдырған қор биыл да биігінен құламай, жұма күні Тоғанас ауылының 20 отбасына және Алғабас ауылының 20 жанұясына қайырымдылық көмек жасады.

IMG_20230411_180900
Ауылдағы ағайын да, жергілікті әкімшілік те сый-көмегі үшін қор жетекшісі Ғарифолла Жанбузовқа разы.
Ылғи жақсы істің басынан көрініп жүрген «Дәдем ата — Жұмағазы хазірет» қоғамдық қорының дәстүрлі қайырымдылық шаралары өзге де ауқатты азаматтарға үлгі болғай.

Нұрлан Сәдір,
Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале