12.04.2023, 10:00
Оқылды: 52

Жәнібекте Ғұмар оқулары өтеді

Облыс орталығынан арнайы оқушылар арасындағы облыстық-аймақтық Ғұмар оқуларына әділ бағасын беруге бір топ қазылар алқасы келді.

b80bd03d-91d5-4684-bdf7-e9a49ed4add9

Ат терлетіп жолдың ұзақтығына қарамастан ақын рухына тағзым жасағалы келген меймандардың ішінде БҚО-ның мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқарма бөлімінің басшысы Светлана Ғаниева, облыстық халық шығармашылық орталығының ақпарат және жарнама бөлімінің редакторы Нұрлан Сәдір, БҚО тарихи-өлкетану музейінің бөлімі Мәншүк Мәметова мемориалдық музейінің меңгерушісі Ахмедияр Батырханов бар.

ced78fc7-0c68-45d9-84e1-5df07e02be2d

Қонақтарды Жәнібек аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алтай Бақтығалиев пен ауданға танымал күйші Шынтемір Рамазанов қарсы алып, ұлттық дәм ұсынды.

Әрмен қарай, аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Жақсылық Абдолов қабылдап, алғысын білдірді. Осы орайда, аудан дамуына үлес қосып жүрген Ахмедияр Қуанұлына "Жәнібек ауданына 100 жыл" төсбелгісін тақты.

Ой-пікірлермен толыққан қабылдау ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қоюға ұласты.

- Ғұмар Қараш бабамыздың еңбегі жас ұрпаққа үлкен мұра. Тереңіне көз тастаған сайын бойлай, еңбегіне ден қойған сайын ойлай бергің келеді. Дәстүрге айналған Ғұмар оқуларының оқушыларға берері мол, - деп, құттықтау сөзін жалғастырды Жақсылық Каримоллаұлы.

0c1b1d06-f715-4a94-a6a7-414f19f80f11

Гүл шоқтарын қою құрметі Жақсылық Абдолов пен Светлана Қадырбайқызына, Нұрлан Қуанышұлы мен аудан ардагері Қабаш Жүнісовке берілді.

24d54025-8e99-4c97-be27-ea54e10adb70

Ерекше сәттерге толы болған күн аудандық тарихи-өлкетану музейінде жалғасты.

Аудандық музей бөлімінің экскурсоводы Әсел Жәрдемғалиева қаһарман ауданға әбден лайықты Жәнібектің жәдігерлерімен таныстырды. Содан соң, Ахмедияр Қуанұлы мен Нұрлан Қуанышұлы батальон командирі, капитан Әжіхан Дүйсеновтың қызы Клара Әжіханқызының шаңырағына сәлемдесе барды.

ebc4923e-9a45-45ee-a83d-c5bae7935653

Осылайша, ауданға келген тарих пен мәдениет саласы майталмандарының Жәнібектегі күні әсерлі естеліктерге толы болды. Бүгін ғұлама Ғұмар Қараштың туған жері, яғни, Борсы ауылдық округінде өтетін байқаудан қапы қалмаңыздар! Әр ауданнан жиналған кіл мықтылар бақтарын сынайды.

Ақтілек Әлібекұлы,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале