13.04.2023, 9:00
Оқылды: 21

Қылыштасудан жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды

Алматыда семсерлесуден өтіп жатқан ҚР VI Жазғы Спартакиадасының үшінші жарыс күні аяқталды. Бұл туралы спортты дамыту дирекциясы хабарлады.

WhatsApp Image 2023-04-12 at 17.17.41

Кеше қылышпен семсерлесуден жекелей сынның бәсекелері өтті. 10 аймақтың спортшылары өнер көрсеткен сайыста ерлер мен әйелдер арасында Алматы қаласының спортшылары топ жарды.

4b7bebbd4c7070888911f977beda04e0

Ерлер:

1 орын – Жанат Набиев (Алматы)

2 орын – Артем Саркисян (Қарағанды облысы)

3 орын – Бексұлтан Абжал (Алматы)

3 орын – Назарбай Саттархан (Астана)

Әйелдер:

1 орын – Карина Доспай (Алматы)

2 орын – Анастасия Гулик (Қарағанды облысы)

3 орын – Татьяна Приходько (Шымкент)

3  орын – Қайша Жаныбек (Алматы)

Ертең қылыштасудан командалық сайыс өтеді. Ал 14-15 сәуірде семсерлесуден жекелей-командалық бәсекелер жоспарланған. Спартакиада қорытындысы бойынша семсерлесудің 3 түрі бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы жасақталады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале