14.04.2023, 17:14
Оқылды: 57

456,7 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілген

Бірінші сәуірдегі мәліметке сүйенсек, 87 мың отбасындағы 456,7 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Биыл әлеуметтік көмекке бюджеттен 73,9 млрд теңге бөлінген.

акша жп

АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы орташа табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен азаматтарға тағайындалады.

Осы жылдың 1 қаңтарынан бастап берілген кепілдендірілген әлеуметтік топтама көмектің табиғи нысанынан, монетизациялау форматына қосымша төлем түріне 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда 1,5 АЕК мөлшеріне (2023 жыл – 5175 теңге) ауыстырылды.

 АӘК алушылар қатарындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда – 137,3 мың балаға қосымша төлем тағайындалған.

Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы бере алады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале