Жәнібек ауданында биылғы сәуір-шілде айларында жауын-шашын мол мөлшерде жауып, шөп бітік шықты.
Үстіміздегі жылы шөптің ырғын болуына байланысты мал қыстағына белгіленген 87 мың тонна шөп жоспары екі есе ұлғайтылып, аудан бойынша жоспар 174,5 тоннаны құрап отыр. Күні бүгін ауданда 61157 гектар жердің шөбі шабылып, орташа шығымдылығы 7,5 центнер құрады. Бұл 46,4 мың тонна шөп жиналып, жоспар 26,5 пайызға орындалды деген сөз. Мал азығын дайындау жұмыстары одан әрі жалғасуда.
Н.Жапақов