«Отбасы банкінің» уәкілі Торғын Бекмағамбетова және Бөкей ордасы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі басшысының у.м.а. Жасұлан Мұхитов аудан тұрғындарымен кездесті.
Кездесуде Торғын Бекмағамбетова «Отбасы банк» ұсынып жатырған бағдарламалармен таныстырды. Дегенмен, жиын барысында «Бақытты отбасы» бағдарламасына аса назар бөлінді десек болады.
-Енді «Бақытты отбасы» бағдарламасына көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылармен қатар, «жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар» сондай-ақ «I және II топтағы мүгедектер» санаттары бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған қазақстандықтар қатыса алады.
«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша пайыздық мөлшерлеме өзгеріссіз, жылдық 2% мөлшерінде қалады. Ең төменгі бастапқы жарна 10%-ды құрайды. Несиенің максималды мерзімі 20 жылға дейін. Дегенмен, несие алу үшін бағдарламаға қатысушылар төлем қабілеттілігін растаулары қажет.
Нақты біздің облысымызға 10 миллионға дейін несие қарастырылған. Былайша айтқанда сіздің жинағыңызда бастапқы жарнаға 1 миллион қаражатыңыз болуы керек, - деді «Отбасы банк» уәкілі.
Жиын соңында ауыл тұрғындары жеке мәселелері бойынша банк уәкіліне жолығып, өз сауалдарына жауап алды.
zhaikpress.kz