Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлыбек Даумов Ресей елінен келген «Патриот» әскери-патриоттық клубының мүшелерімен кездесті.
− Өзімнің және аудан тұрғындары атынан «Патриот» әскери-патриоттық клубының мүшелеріне және Тасқала ауданынан келген М.Мәметова атындағы іздестіру топ мүшелеріне алғысымды айтқым келеді. Сіздің қызметтеріңнің арқасында қаншама ес-түссіз жоғалған кеңес жауынгерлері дәстүрлі түрде жерленді. Мысалы, М.Мәметова атындағы іздестіру топ мүшелерінің және жергілікті өлкетанушылар еңбегінің арқасында 2013 жылдан бастап 40-тан астам жауынгердің мәйіті табылып, жерленген болатын. Қиын да маңызды қызметтеріңізге рақметімді айтып, алғысымды білдіремін, − деді аудан әкімі.
Өз кезегінде «Патриот» клубының жетекішісі Сергей Ельчанин аудан басшысының жылы қабылдауына рақметін айтып, естелік ретінде сыйлықтар тарту етті.
Сонымен қатар «Патриот» топ жетекшісінің айтуынша іздестіру жұмыстары бір аптаға созылмақ екен. Дегенмен, Сергей Ельчанин болашақта ауданымызбен қоян-қолтық жұмыстанатынына сенім білдірді.
Ал М.Мәметова атындағы іздестіру топ жетекшісі Сергей Лапшин жаз айларында Астана қаласынан «ATAMNYN AMANATY» атты іздестіру тобы біздің ауданға келуді жоспарлап отырғанын жеткізді.
Темхар Рахметолла,
Бөкей ордасы ауданы
zhaikpress.kz