20.04.2023, 12:59
Оқылды: 10

Жас марафоншылармен кездесу өтті

Бүгін Казталов аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 15 сәуір күні Ресей Федерациясының Самара қаласында ғарышкерлер күніне орай «Космический» жартылай марафонының жеңімпаздарымен «Ел мақтаныштары» тақырыбында кездесу өтті.

20230420062558_IMG_9428

Жас марафоншылармен кездесуге аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Берік Рахымғалиев, «Айбын» спорт клубының директоры Нұркен Ахметов, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры Мұқағали Шоқпанов және ауданымыздың белсенді жастары қатысты.

20230420065353_IMG_9435

Кездесуде Берік Сергейұлы және Мұқағали Өтегенұлы жас спортшыларды жеңісімен құттықтап, алғыс хатпен марапаттап, естелік сыйлықтар табыстады.

Кездесуге қатысушылар да марафоншыларға жылы лебіздерін білдірді. Марафоншылар алдағы жоспарларымен бөлісіп, Самара қаласындағы халыкаралық жарыс жөнінде әсерлерімен бөлісті.  Жиында аудандағы кәсіби және бұқаралық спортты дамыту, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мәселелері жөнінде ұсыныстар айтылды.

20230420065640_IMG_9440

Айта кетейік, Самарада өткен хлықаралық жарысқа үш мемлекеттен 150 қаланың спортшысы қатысып, жерлестеріміз Баубек Ілиясов, Даниял Ғилым,  Мағжан Нұржан, Сержан Нұржан жеңіс тұғырынан көрінген болатын.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале