Сырым ауданының орталығы Жымпитыда футболдан “Былғары доп” балалар мен жасөспірімдер турнирінің аудандық кезеңі өтті.
Турнирге 15 командадан 180-ге жуық жас былғары доп шеберлері қатысып, тартысты ойын көрсетті.
Нәтижесінде, ІІІ орынды Ж.Досмұхамедов атындағы мектеп-балабақша-бөбекжай кешенінің, ІІ орынды Бұлдырты орта мектебі қанағат тұтса, оқ бойы озық шыққан Қ.Мырзалиев мектебінің командасы жеңіс тұрғырынан көрініп, облысқа жолдама алды.
Ойын барысында үздіктер де анықталды.
Жымпитылық Азиз Шайхиев “Үздік шабуылшы”, өлеңтілік Расул Ғаббасов “Үздік қақпашы”, бұлдыртылық Жандос Жәкенов “Үздік ойыншы” аталымдарына лайық деп танылып, диплом және медаль табысталды. Белсене қатысқаны үшін М.Қаналиев атындағы және Сырым мектеп-бөбекжай-балабақша кешендерінің құрамалары марапатталды.
Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz