25 сәуір күні «AMANAT» партиясы Казталов аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Сәкен Ищанов БҚО Казталов ауданы KL-KT-1 «Беспішен-Қошанкөл-Қараоба» 0-64 шақырым аудандық маңызы бар автомобиль жолының және «Казталов-Жәнібек-РФ шекарасы» 1-4 шақырым республикалық маңызы бар автомобиль жолының күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.

Халық қалаулысы алдымен БҚО Казталов ауданы KL-KT-1 «Беспішен-Қошанкөл-Қараоба» 0-64 шақырым аудандық маңызы бар автомобиль жолының күрделі жөндеу жұмысымен танысып, аудан тұрғындары шағымданған мәселеге назар аударды. «Беспішен-Қошанкөл-Қараоба» бағытындағы аудандық маңызы бар жолдың республикалық маңызы бар жолға түйісетін жері қазылған. Тұрғындар жол жөндеу жұмыстары жүргізілгеніне емес, айналма жолдың салынбағанына наразылықтарын білдірген. Бұл мәселеге қатысты аудандық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің басшысы Артур Берденов мәлімдеме жасады.

-Бұл аумақта күрделі жөндеу жұмысы басталды. Мердігер бұл жердегі күрделі жөндеу жұмыстарының ауа райының қолайсыздығына байланысты тоқтап отырғандығын атап өтті. Ал, айналма жолдың салынбауына жөндеу жұмыстарының қысқа мерзімге жоспарлануы себеп. Қазіргі таңда аталған нысанда 10-ға жуық жұмысшы мен 3 техника жұмылдырылып отыр, - деді бөлім басшысы.

Сәкен Сәлімжанұлы «Казталов-Жәнібек-РФ шекарасы» 1-4 шақырым республикалық маңызы бар автомобиль жолының күрделі жөндеу жұмыстарына, соның ішінде көпірлердің құрылыс жұмыстарының сапасына назар аударды. Бөлім басшысы республикалық маңызы бар жолдың жөндеу жұмыстары алдағы уақытта басталатындығын атап өтті. Ал, «ЖайықҚұрылыс» ЖШС-нің мастері Өмірбек Садықов көпірлерді жөндеу жұмыстары ағымдағы жылы аяқталатындығын жеткізді.
-Қазіргі таңда Казталов ауылы маңындағы үш көпірдің және Ащыөзек өзені аумағындағы екі көпірдің күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Казталов ауылы маңындағы көпірлердің үстіңгі қабаты өткен жылы толық күрделі жөндеуден өтті. Ағымдағы жылы көпіртдің астыңғы жұмыстарын, яғни, өзен жағасын қайта қалпына келтіру, сатылар орнату жұмыстары жүргізіледі. Күрделі жөндеу жұмыстарына 20-ға жуық жұмысшы мен 10-ға жуық техника жұмылдырылды, - деді ол.

Халық қалаулысы жолдың сапасына мән беру қажеттігін, сонымен қатар күрделі жөндеу жұмыстарын мерзімінен кешіктірмей тапсыру керектігін ексертті.
Асылбек Нәсіпқали,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz