28.04.2023, 12:15
Оқылды: 67

Испанияда тарихта алғаш рет сәуір айында ауа температурасы 40°C-қа дейін көтерілді

Осы бейсенбіде Испанияның кейбір аймақтарында термометр бағандары 40 градусқа жетті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Catalonia_129

Фото: wikiway

Eoronews ақпараттық агенттігінің жазуынша, күндізгі сағат үште Кордовада 38,7 градус, Севильеде 37,8 градус ыстық болды. Испанияның AEMET метеоагенттігі бұл ай ең ыстық сәуір болуы мүмкін деп мәлімдеді.

Андалусия тұрғындары шілдеге ұқсас температураның салдарынан жаздың келуінен қорқады.

«Осы айда жаңбыр жаууы керек. Мен биылғы жаз мезгілін елестетуден қорқамын. Жазда бізге қиын боатынсияқты. Тұщы су да азайып барады», дейді тұрғындар.

Әр жыл сайын жаздың аптап ыстығы Еуропаға ерте келуде. Испания билігі халықтың жағдайы үшін ыстық ауа райына қарсы іс-шараларды 15 мамырға ауыстыруы мүмкін. Ыстықтан бөлек, қатты құрғақшылық ауыл шаруашылығына да кері әсерін тигізбек.

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале