28.04.2023, 17:45
Оқылды: 20

Елена Рыбакина жарақатынан кейінгі алғашқы матчын өткізді

Қазақстаннің бірінші, әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина Мадридтегі WTA 1000 турниріндегі алғашқы матчында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

58eb3dc2-8fc5-4376-8ddc-d63a298ec10d

Фото: instagram.com/lenarybakina/

Елена Рыбакина ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге жапониялық теннисшілер Эна Сибахара мен Сюко Аоямамен ойнады.

Рыбакина мен Павлюченкова қарсыластарын 6:0, 6:1 есебімен ұтты.

Қазақстандық теннисші жекелей сындағы алғашқы матчы ертең, 28 сәуірге жоспарланған. Ол ресейлік Анна Калинсаямен ойнайды.

Айта кетейік, бұл - Рыбакинаның Германияның Штутгарт қаласындағы турнирде алған жарақатынан кейінгі алғашқы ойыны. Ол бұл турнирдің екінші айналымындағы матчын аяқтай алмаған еді.

Бүгін қазақстандық теннисші Юлия Путинцева бұл турнирдегі екінші кездесуін өткізеді. Ол 1/32 финалында франциялық Каролин Гарсиямен ойнайды.

Еске салайық, бұған дейін Александр Бублик Мадридтегі турнирінің 1/32 финалына өткенін хабарлаған едік. Ол алғашқы жеңісіне 3 сағатқа жуық уақыт жұмсады. Қазақстандық теннисші енді әлемнің 7-ракеткасы Хольгер Рунемен ойнайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале