Оралда Қазақстан халықтарының бірлігі күні ерекше сән-салтанатпен аталып өтілуде. Қаланың Қазақтың даңқты қыздары алаңында айтулы мерекеге орай «Орал студенттерінің Альянсы» Корпоративтік қорының ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облысының қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Бірлігіміз жарасқан» атты жастар акциясы өтті. Бұл жөнінде Қазақстан студенттер Альянсының баспасөз орталығы хабарлайды.
Бірлік күні - жалпыұлттық келісім мен ынтымақтастық, татулық пен тұрақтылықтың ұштасқан мерекесі. Кеш барысында жоғарғы және арнаулы оқу орын студенттері өз өнерлерін көрсетіп, қала тұрғындарының ыстық ықыласына бөленді. Аталмыш шараға бас аяғы 100-ге жуық қала тұрғындары мен қонақтары, студенттер қатысты.
zhaikpress.kz