Сәуір айының 25-30 күндері Өскемен қаласында 2009-2010 жылдары туған жасөспірімдер арасында бокстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын.
Аталған чемпионатқа Казталов ауданының жас спортшысы Миран Жүсіпов облыс атынан қатысып, бақ сынады. Еліміздің әр өңірінен көптеген жас былғары қолғап шебері қатысқан бәсекеде спортшымыз күміс жүлдені еншілеп, ел мерейін асқақтатты.
Ол - Асыланбек Сармалаев пен Тұрарбек Қалиев атты жаттықтырушылардан тәлім алған.
Жансая Жұмажанқызы,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz