27-28 сәуір күндері облыс орталығында Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасының балалар және жасөспірімдер туризм және экология облыстық орталығының ұйымдастыруымен футболдан «Былғары доп - 2023» атты облыстық чемпионаты өтті.
Аяқ доп бәсекесінде Казталов ауданының жас футболшылары топ жарып, балалар және жасөспірімдер арасында «Былғары доп – 2023» турнирінің жеңімпазы атанды.
Жас жаттықтырушы Ернұр Ержанұлының шәкірттері 11 команда арасынан оза шауып, Алматы қаласында өтетін турнирдің республикалық кезеңіне жолдама алды.
Бас жүлдемен қатар жекелеген аталымдарға ие болған футболшыларымыз да бар.
Атап айтар болсақ, Ислам Амреев «Үздік қорғаушы», Ержігіт Қасымғали «Үздік қақпашы» аталымдарына ие болды.
Асылбек Нәсіпқали,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz