ҚР Президент Әкімшілігінің және аудандық мәслихат келісімімен, меритократия қағидаттарына сәйкес Теректі ауданының әкімі лауазымына Әлия Биғазықызы Мұханбетжанова тағайындалды.
Әлия Биғазықызы Мұханбетжанова - 1978 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Батыс Қазақстан мемлекеттік аграрлық университетін «агрохимия және топырақтану», М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1999 жылы Бәйтерек ауданы Кожевников орта мектебінің мұғалімі болып бастады.
Әр жылдары Бәйтерек ауданының жер ресустарын басқару жөніндегі бөлімінің жетекші маманы, Бәйтерек ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің жер қатынастары жөніндегі бас маманы, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы, Батыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасының басшысы болды.
2020 жылдың наурыз айынан бастап Шыңғырлау ауданының әкімі болып қызмет етті.