13.07.2016, 17:41
Оқылды: 24

Қазталов ауданында шағын кәсіп қарыштап дамуда

АУДАНДА ШАҒЫН КӘСІП ҚАРЫШТАП ДАМУДАШағын кәсіпкерлік субъектілері кез келген мемлекет экономикасының дамуында маңызды рөл атқарады. Дағдарыс атты дауылға төрт тағандап тең тұрып, «сыр» бермеген де дәл осы кәсіпкерлікті қолдау екенін уақыт көрсетті. Қазталов ауданында да өз кәсібін ашып, жемісін көріп жатқандар қаншама. Жыл сайын кәсіпкерлердің саны көбейіп келетіні жасырын емес.


 

Осы орайда 13 шілде күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр аудан орталығындағы кәсіпкерлік нысандарды аралап, жаңадан бой көтеріп жатырған нысандардың құрылыс жұмыстарымен танысты. Өз кәсібін ашып жатқандардың қатарында Самат Шакуовтың құрылыс материалдарын сататын үлкен қоймасы, Қазиолла Рахметуллиннің шағын маркеті , бұдан басқа салынып жатырған дүкен, қоғамдық монша, аутокөлік жөндейтін цех сияқты басқа кәсіп ошақтары бар.

Бұдан шығатын қорытынды - еңбек етемін, өз кәсібін ашамын деген адамға мемлекет тарапынан қолдау табылатынын айтуға болады.

www.zhaikpress.kz
Қайрат ЖАҚЫП

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале