7.05.2023, 10:30
Оқылды: 49

Оралда көпшілік жүгіру шарасына 300-ге жуық адам қатысып жатыр

Оралда 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай көпшілік жүгіру шарасы басталды. Жиналғандарды қала әкімінің орынбасары Мирболат Нұржанов құттықтап, сәттілік тіледі.

WhatsApp Image 2023-05-07 at 08.47.13
- Баршаңызды мерекемен құттықтаймын. Қалада мерекеге орай бірқатар шара өтіп жатыр. Солардың бірі - көпшіллңк жүгіру. Жүгіруге қатысып жатқан әскери қызметкерлер, ішкі істер департаментінің қызметкерлеріне, сарбаздарға алыс айтамын, - деді Мирболат Нұржанов.
WhatsApp Image 2023-05-07 at 08.47.12

Мемлекеттік Әнұранды айтқан соң спортшылар денені қыздырып, жүгіруге дайындалды. Қатысушылар қаладағы демалыс және мәдениет саябағындағы арнайы жүгіру жолағында жүгіруде.

WhatsApp Image 2023-05-07 at 08.47.13 (1)

Дәл қазір қатусышылар екі жарым шақырымға дейінгі қашықтықта жүгіріп жатыр. Кейін әйелдер бес шақырымға, ер адамдар 10 шақырымға дейін жүгіреді. Әр қатысушыға мәре сызығында естелік медаль беріледі.

WhatsApp Image 2023-05-07 at 08.47.11

Динара Насыр,

Фото: Әділет Ғабдрешев

zhaikpress.kz  

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале