Бүгін Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов Қазақстанның оқу-ағарту саласының үздігі, тыл және еңбек ардагері Жәния Аронқызы Аронованың үйіне арнайы бас сұғып мерейлі 90 жасымен құттықтады.
«Сіздің бірнеше жылдар білім саласында табанды еңбек етіп, ауданның даму тарихында өзіндік із қалдырған жан екеніңізден хабардармын.Сізге зор денсаулық пен амандық тілеймін. Сіздердей ел алғысына бөленген абзал аналарымызға құрмет көрсету біздің парызымыз. » деді өз сөзінде Асланбек Сарқұлов. Білім саласында 35 жыл жемісті еңбек етіп, көптеген алғыс хат, төсбелгілер мен медалдармен марапатталған ел ұстазы Жәния апамыз өзін арнайы келіп құттықтап жатқан басшылыққа үлкен ризашылығын жеткізді.
Жансая Жұмажанқызы,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz