Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 322 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» қорғаныс ведомствосы басшысының бұйрығын дайындады. Бұл туралы министрлік сайтында хабарланды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2023 жылғы
8 ақпандағы № 34 бұйрығымен «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесі бекітілді.
Осыған байланысты «Құқықтық актілер туралы» Заңның 27-бабы
1-тармағының негізінде «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 322 бұйрығының күші жойылды деп танылуы тиіс.
Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 22 мамырына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14545964