12.05.2023, 9:00
Оқылды: 24

Қорғаныс министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесі өзгереді

Қорғаныс министрлігі «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 322 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» қорғаныс ведомствосы басшысының бұйрығын дайындады. Бұл туралы министрлік сайтында хабарланды.

 

6a558e4d362d39fa7077207ece76b742_1280x720

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2023 жылғы
8 ақпандағы № 34 бұйрығымен «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесі бекітілді.

Осыған байланысты «Құқықтық актілер туралы» Заңның 27-бабы
1-тармағының негізінде «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қорғаныс министрінің 2018 жылғы 16 мамырдағы № 322 бұйрығының күші жойылды деп танылуы тиіс.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде биылғы жылдың 22 мамырына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14545964

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале