11.05.2023, 15:45
Оқылды: 62

Әлеуметтік кодекстің негізгі бағыттары түсіндірілді

Теректі ауданы тұрғындарына Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің негізгі бағыттары жөнінде ақпарат берілген жиын өтті.

IMG-20230511-WA0019

Достық үйінде өткен кездесуге Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Гүлнара Мұқанова, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының облыстық филиалы директоры Елена Гримова, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мүгедектігі бар адамдармен жұмыстану бөлімінің басшысы Миргүл Құрманбаева және әлеуметтік көмек бөлімінің басшысы Алмагүл Есенғалиева келді.

IMG-20230511-WA0018
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Дамир Ғұмаров төрағалық жасап,  мамандарға сөз кезегін берді.

Ашық диалог түрінде өткен жиында мамандар мүгедектігі бар жандарға берілетін атаулы әлеуметтік көмек, әлеуметтік қызметкерлердің жұмысы жөнінде ақпараттар айтты.
Талқыланған мәселе бойынша сұрақтар қойған тұрғындарға мамандар түсіндіріп, жауап берді.

Жауһар Нұрым,
Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале