11.05.2023, 17:45
Оқылды: 37

БҚО-да соңғы бес жылда 102 адам суға кеткен

Жазғы кезеңде жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Департамент жергілікті атқарушы орган және басқа құзыретті мекемелермен бірлесіп шаралар жүргізіп жатыр.

утонули280518

Фото: Tumba.kz

Жазда балалар көбінесе ересектердің қарауынсыз қалып су айдындарына, әдетте, қайғылы оқиғалар орын алатын жабдықталмаған жерлерге шомылуға барады.
Соңғы 5 жылда облыста 102 адам суға кетіп, өмірімен қош айтысқан. Оның ішінде - 28-і бала.
2022 жылы шомылу маусымында 15 адам суға батып кеткен.
(2021 жылы – 24, 37,5%-ға азайды), оның ішінде 6 кәмелетке толмаған (2021 жылы – 8, 25%-ға азайды).
Су айдындарында адам өлімінің негізгі себептері:
- тыйым салынған және жабдықталмаған жерлерде шомылу;
- мас күйінде шомылу;
- жүзе алмау;
- балаларды қараусыз қалдыру.

Ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатында Департамент үзбелі түбіртегі бар жадынама әзірледі. Олар
ата-аналарға қол қойғызылып, тапсырылады.
Су айдындарының қауіпті, шомылу үшін жабдықталмаған учаскелерінде 303 тыйым салу белгісі мен 77 ақпараттық стенд орнатылды.
2022 жылғы 1 қыркүйек пен 2023 жылғы 28 наурыз аралығында облыс бойынша 4 076 балаға жүзу үйретілді (тегін бассейндерде – 1 406, ақылы бассейндерде - 2 670).
Облыстың 556 білім беру мекемесінде су айдындарындағы қауіпсіздік бұрыштары құрылды.

Шомылу кезеңіндегі төтенше жағдайларға ден қою үшін БҚО Төтенше жағдайлар департаменті 70 құтқарушыны, 20 жүзу құралы және патрульдеу үшін 12 автокөлікті дайындады.
Сондай-ақ БҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушыларымен наурыз айында бір бала, Орал қаласының орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы құтқарылды.
Ол достарымен ойнап жүріп суға түсіп кетіп, ағаш бұтағына ілініп қалған. Бұны өтіп бара жатқан адам көріп құтқарушыларды шақырған.

Жазғы кезеңде рейдтік іс-шараларды өткізу және халықты үгіттеу үшін облыстың төтенше жағдайлар департаменті, жергілікті атқарушы орган, полиция және көліктік бақылау инспекциясы жеке құрамының 400-ден астам адамы жұмылдырылады. Сондай-ақ, еріктілерді тарту жоспарлануда.
Облыс әкімінің өкімімен «Облыс су айдындарында төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспары» бекітілді, оның негізінде су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жүргізіледі.
Демалыс пайдалы әрі ол туралы тек жақсы естеліктер қалатындай болуы керек. Бұл үшін демалыс орындарындағы қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы ұмытпауымыз қажет.
Жазатайым жағдайды болдырмау үшін, тыйым салынады:
- «Суға түсуге тыйым салынады» деген белгілер орнатылған жерлерде шомылуға;
- жүзудің шекарасын белгілейтін қалқыбелгілерден кейін жүзуге;
- шағын көлемді кемелерге және басқа да жүзу құралдарына жүзуге;
- суға қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, жағажайлардан, табиғи құралымдардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан секіруге;
- жалған дабыл айқайларын беруге;
- мас және есірткі белгісі бар күйінде суға шомылуға;
- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге;
- жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;
- балаларға ересектерсіз суға кіруге жол берілмейді.
Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын сақтаңыз, төтенше жағдайға тап болсаңыз *112 нөміріне хабарласыңыз.
Су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамау ҚР Құқық бұзушылық әкімшілігі кодексінің 412-бабына сәйкес, жеке тұлғаларға 7 АЕК (24 150 тенге).мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Аталған мәселе облыс әкімі Н.Төреғалиевтің назарында. Өңір басшысы бұл мәселеге ерекше мән беріп, ағымдағы жылдың сәуір айында өткен жедел штаб отырысында барлық қажетті құрылымдарға судағы қауіпсіздік шараларын күшейту бойынша тапсырма берді.

БҚО Төтенше жағдайлар

департаментінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале