15.07.2016, 9:45
Оқылды: 54

 Мегажоба мәреге жетті

Мегажоба мәреге жеттіОсы аптада маңызы зор мега жобаның аудандық кезеңі аяқталды. Трекин, Январцев, Чеботорев, Чиров, Сұлукөл округтерінің басшылары бастаған делегация аудан орталығына келді. 


Ауыл тұрғындарына әдемі кеш сыйлаған өнерпаздар ерекше ықыласқа бөленді. Атап айтсақ, трекиндік «Көңілашар» әжелер ансамблі, мың бұрала билеген январцевтық «Аллегро» және чировтық «Жұлдыздар» би тобы,  күй төккен Чеботорев ауылының ұлттық аспаптар ансамблі, сұлукөлден келген кішкентай балғындар дуэті кештің шырайын аша түсті. Концертте қазақ, украин, орыс, молдован, өзбек ұлттарының биі биленіп, бірлік пен татулықты жыр еткен әндер шырқалды.

Шара соңында сахнаға аудан әкімінің орынбасары Асылұлан Досжанов жобаның маңыздылығына тоқталып, жұртшылыққа ыстық лебізін білдірді. Содан соң аталмыш ауылдық округтердің әкімдері шығып, халықты жылдың елеулі мерекелерімен құттықтап, «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасының символын Переметный ауылының әкімі Аян Халауеддинге салтанатты түрде тапсырды.

www.zhaikpress.kz
Динара НАСЫР

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале