15.05.2023, 16:45
Оқылды: 104

Отбасы - бақыт мекені

Бүгін аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыруымен 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай «Отбасы – бақыт мекені» атты кездесу кеші өтті. Бұл жиынға аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев, сонымен қатар өмірдің сан қилы қуаныш-қайғысын бірге көріп, бүгінде немере, шөбере сүйіп отырған, ауылымызға сыйлы, отау құрғандарына бірнеше жыл болған отбасылар және шаңырақ көтергендеріне аз ғана уақыт болса да махаббаттары көпке үлгі боларлық, айтары бар жас отбасылар да қатысты.

IMG_1851

Алдымен сөз кезегін алған аудан басшысы А.Жаңабайұлы отбасы – мемлекеттің тірегі екенін айта өтіп,  шараға қатысушы жұптарды айтулы мерекемен құттықтай келе шаңырақтарына бақ, береке мен ырыс, ынтымақ тіледі. Сонымен қатар аталмыш шараға қатысып отырған Батыс Қазақстан облысының бас имамы Абдусамат Алибаев ислам дініндегі отбасы құндылықтарына тоқталды.

IMG_1844

2022 жылы облыстық «Мерейлі отбасы» байқауының жүлдегерлері, ауданымыздағы үлгілі жанұялардың бірі Сахметовтар отбасы байқау барысымен бөлісіп, жас отбасыларға ақыл-кеңесін айтты. Аталмыш байқаудан бейнеролик те көрсетілді.

IMG_1860

Сондай-ақ ауданымыздың даму жолында өзіндік үлес қосқан, көптеген жыл бойы аудандық «Жаңарған өңір» газетінде еңбек еткен Өмірзақ Ақбасов та қазіргі таңдағы отбасы құндылығы, бала тәрбиесі, отбасының алтын діңгегі – әйел адамның шаңырақ басындағы рөліне тоқталып, көпке ой салды. Жас отбасылардан Жұмасалықовтар отбасының отағасы Сейілхан жанұядағы бала тәрбиесіне әке де, ана да жауапкершілік арқалап, бірдей көңіл бөлуі керек екенін жеткізсе, Сұпығалиевтер отбасының азаматы Ернат «отбасы» мемлекетіне енді аяқ басқандардан жасы үлкен аға-әпкелеріміздің ақыл кеңесіне құлақ асуды өтінді. Отбасы тақырыбына өрілген сырлы да, сымбатты кештің көркін «Біз екеуміз», «Әйелдің бақыты» және «Анамның жаққан ошағы» әндері аша түсті. Мағыналы мазмұнды кеште А.Жаңабайұлы ауыл тұрғындарына, әсіресе жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар: «Ауыл аманаты» жобасы, қайтарымсыз грант, 2,5 пайыздың несие жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізді.

IMG_1819

Нұргүл Елтайқызы, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале