Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі қала, ауыл көшелерінде кезіп жүрген қараусыз қалған және қаңғыбас иттердің көбеюі. Бұралқы иттер көбінесе мектеп, балабақша, емханалардың қасында және қоқыс жәшіктерінің маңында топтасып қауіп төндіреді.

Қазіргі таңда қаңғыбас жануарлардың санын реттеу жұмыстары ҚР «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңына сәйкес ауланып, құтыруға қарсы екпе салынып, чип енгізу арқылы есепке алынып және стерилизациядан өткізіп, кері мекендеу ортасына жіберу арқылы жүргізіледі.
Қараусыз иттердің көбеюінің негізгі факторларының бірі – тұрғындардың үй жануарларына жауапкершілік танытпауы. Себебі жаз мезгілінде иттерді саяжайларын күзеттіру мақсатында қасына ес қылып бағып асырап жүріп, күн салқындай келе сол саяжайларда қараусыз тастап кетуінде және асырауындағы ит – мысықтарды иелері жануарларын уақытылы ветеринарлық ұйымдарға апарып биозарарсыздандырмай (кастрация,стерилизация), кейіннен күшіктеген кезінде күшіктері мен марғауларын бауырын көтере салысымен асырамай далалық жерлерге апарып тастап кетуі болып отыр. Одан аш қалған бұралқы иттер топ-тобымен жүріп сол маңдағы тұрғындардың асырап отырған ұсақ малдарын, тауық-қаздарын қырып, тіпті тұрғындардың өздеріне қауіп төндіруде.
Осыған орай қаңғыбас ит пен мысықтардың мәселесі еліміздегі ең өзекті мәселелердің бірі екенін айта отырып, тұрғындардың ит пен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын білгені жөн деп есептейміз.
2022 жылдың 12 қазанында Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының №14-5 шешімімен «Үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің қағидалары» бекітілді.
Аталған Заңға және Қағидаға сәйкес үй жануарларының иелеріне:
Үй жануарларын есепке алу 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап міндеттелген. Осыған байланысты тұрғындарға үй жануарларын 2023 жылдың 1 қыркүйегіне дейін есепке қою қажет екендігі ескертіледі. Есепке қою және стерилизациялау шаралары мемлекеттік ветеринариялық ұйымында немесе ветеринариялық емханада иесінің төлемі есебінен жүргізіледі.
Облыс тұрғындарының назарларына аталған талаптар мен міндеттемелерді орындамаған жағдайда ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі бойынша жауапкершілікке алып келетінін мәлімдейміз.
Қ.С.Хамитов,
Батыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасының бас маманы
Фото дереккөзі:atr.kz