Бүгін Казталов ауданы орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге аудан әкімі Асланбек Сарқұлов қатысып, шаруалармен әңгімелесті.
Қымбатшылық бүйірден қысқан заманда бағасы арзан өнім іздейтініміз анық. Жергілікті өнім халыққа арзан бағада ұсынылса, қалтаға да салмақ салмай, шаруаның да еңбегі ақталары сөзсіз. Бүгінгі жәрмеңкеде ет, сүт өнімдері, қолөнер бұйымдары, жеміс-жидектер мен көкөністер, балық, құстар сөреден табылып, бүлдіршіндер үшін құйылмалы балмұздақ сатылды. Аудан әкімі сатушылармен кездесіп, өнімнің сапасына мән беруді тапсырды.
Жәрмеңкеге Казталов, Тереңкөл, Қараоба, Қошанкөл, Болашақ, Жаңажол, Бірік, Бостандық, Қараөзен, Қайыңды, Көктерек ауылдық округтерінің шаруалары қатысты.
Асылбек Нәсіпқали,
Казталов ауданы