"Бүгін 16 сағат 20 минут шамасында 1975 жылғы жүргізуші Газ-А64R45-50 маркалы көлікті жүргізіп келе жатып, Назарбаев көшесімен Хусаинов көшесінің қиылысында жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмай, 2002 және 2003 жылғы электросамокаттағы жаяу жүргіншілерді қағып кеткен, - деп хабарлайды БҚО Полиция дерартаментінің баспасөз қызметі.
Жол апатынан 2002 жылғы азамат пен 2003 жылғы азаматша ауруханаға жеткізілген, оларды дәрігерлер қараған соң, үйлеріне жіберілді.
Жүргізушіге қатысты ӘҚБтК 600 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.