Жәнібек ауданында шөптің бітік шығуына байланысты Ұзынкөл ауылдық округінде мал азығын дайындау қарқынды жүріп жатыр.
Алдағы қысқа жемшөптің кепілді қорын жасақтап алу үшін ауылдық округ бойынша науқанға 12 трактор, 15 шөп шабатын агрегат пен тырма, 9 пішен маялағыш және 14 шөпті тайлап буу агрегаты қатысуда.
-Үстіміздегі жылы округ бойынша 27600 тонна мал азығын дайындап алу жоспарда. Қазіргі таңда 9 мың гектар алқаптың шөбі шабылып, 5400 тонна өнім алынды. Әр гектардан түскен өнім 6,0 центнерден айналып келеді. Жоспарланған мал азығының 12500 тоннасы дайындалып, ол 45,0 пайызды құрап отыр,-дейді Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ғалым Құрмашев.
Асқар ҚҰСАЙЫНОВ
Жәнібек ауданы
www.zhaikpress.kz