Жәнібек ауданының орталығындағы жәрмеңкеде мал өнімдері мол болды.
Бұл жолы Ұзынкөл, Тау ауылдарынан бір-бірден қой, Таловтан екі қой, Жәнібек ауылынан үш қой, екі ірі қара еті әкелініп, келісі 900-1000 теңгеден саттыққа шығарылды. Тұтынушылар да көп болды, шығарылған өнімді әп-сәтте сатып алды.
Сонымен қатар ауылдан келушілер май, қаймақ, құрт, ірімшіктерін саудалап, тұтынушылардың сұранысына ие болды. Ал жәнібектік кәсіпкерлер сауда сөрелеріне қаз-қатар жайғасып, азық-түлік, бау-бақша өнімдерін келушілер талғамына ұсынды.
А. ЕСІРКЕПОВ
Жәнібек ауданы
www.zhaikpress.kz